Американский Научный Журнал ОТБАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ САҚТАУ

Аннотация. Отбасы қоғам құрылымының негізгі бөлігі. Отбасының ұрпақ жалғастыру, бала тәрбиелеу және оны әлеуметтендіру және басқа да функцияларының мәні ерекше. Отбасының бұл функцияларын осы уақытқа дейін ешбір орта толық орындап, оны алмастыра алмайтынына ғылыми зерттеу материалдары негіз бола алады. Сөйткенмен қоғамдық экономикалық формациялардың ауысуына, уақыт өзгерістеріне байланысты отбасының түрлері және оның функциялары да өзгеріске қшырап отырады. Мақала ҚР БжҒМ 2018-2020 жылдарға арналған гранттық жобасының №АР05134319 ГФ «Мәңгілік ел» аясында Қазақстан аймақтарының демографиялық дамуының болашағы» атты тақырыбы бойынша жазылған Скачать в формате PDF
American Scientific Journal № ( 30 ) / 2019 33

ПСИХОЛОГИЯ

ОТБАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОН Ы САҚТАУ

Иргебаева Назиля Мукатаевна
педагогика ғалымдарының кандидаты , доцент
«Тұран -Астана» университеті,
Нұр - Сұлтан, Қазақстан
Биназир Курманбаева
«Тұран -Астана» университетінің магистранты
Нұр - Сұлтан, Қазақстан
Жағыпар Айгерім
«Тұран -Астана» университетінің студентті
Нұр - Сұлтан, Қазақстан

Аннотация. Отбасы қоғам құрылымының негізгі бөлігі. Отбасының ұрпақ жалғастыру, бала
тәрбиелеу және оны әлеуметтендіру және басқа да функцияларының мәні ерекше. Отбасының бұл
функцияларын осы уақытқа дейін ешбір орта толық орындап, оны алмастыра алмайтынына ғылыми
зерттеу материа лдары негіз бола алады. Сөйткенмен қоғамдық экономикалық формациялардың ауысуына,
уақыт өзгерістеріне байланысты отбасының түрлері және оның функциялары да өзгеріске қшырап
отырады. Мақала ҚР БжҒМ 2018 -2020 жылдарға арналған гранттық жобасының №АР05134319 ГФ
«Мәңгілік ел» аясында Қазақстан аймақтарының демографиялық дамуының болашағы» атты тақырыбы
бойынша жазылған.
Түйінді сөздер : отбасы, неке, сәби, ажырасу, қоғам, адами құндылықтар, тәрбие

КІРІСПЕ
Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ.
Отбасы қоғамдық қарым -қатынасқа оның барлық
өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы
адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана
қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар
орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір
элементі бо лып табылады. Отбасы мүшелелері бір -
бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық,
сүйіспеншілік сезімде болатыны белгілі,алайда
жастардың отбасылық өмірге бейжай қарау
себебінен,жетім бала,ажырасқан ата -
ана,отбасының саны артуда.Жастар отбасы құрар
алдында үлкен жауапкершілік алғанын ұмытпау
керек.«Үйлену -оңай,үй болу -қиын»деген мақал
бекер айтылмаса керек. Отбасы , оның
психологиялық мәселелері күн тәртібінен
түспейтін өзекті зерттеу тақырыбы болып
табылады. Мақала 2018 жылғы «Тұран - Астана»
университетінің ректорының ғылыми зерттеу
жұмысына ұйымдастырған конкурсында бекітілген
«Қазақ отбасындағы өзара қарым - қатынастың
психологиялық аспектілері» тақырыбының
негізінде жазылды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Отбасы қоғамдық құрылымның ең кіші және
негізгі сатысы. Отбасының қ ұрылымы , оның
функцияларының өзгеруі қоғамның әлеуметтік,
экономикалық , саяси жағдайларымен тікелей
байланысты. Аталарымыз: "бас екеу болмай, мал
екеу болмайды", "бір қой егіз туса, бір шөптің басы
айыр шығады" – деген секілді мақал -мәтелдер
арқылы үйлені п, ұрпақ қалдыруды дәріптеп
келеді.Әрбір тұлғаның өмірге келгеннен кейін
басты мақсаты отбасын құру.Өз теңіңді
тауып,қоғамға пайдасын тигізетін саналы ұрпақ
тәрбиелеуі.Ал сол отбасының берік, дұрыс
қалыптасуы тәрбиеге байланысты болмақ.Отбасын
құрмас бұрын адам психологиялық жағынан
болсын,әлеуметтік жағынан болсын дайын болуы
шарт.Таңдаған адамыңның мінезін,өскен ортасын
толықтай біліп, сонымен қатар,мінездің сәйкестігі,
бір -біріне қойылатын талаптарының ұқсас болуы
маңызды.Тұлға әрбір ортада белгілі бір р өлге
кіріп,өзінің шынайлығын жасырады,сол секілді
болашақ жарының алдында да шынайы «Менін»
жасырып,бәріне көнгіш,өз ойын іште қалдырады,ал
бұл отбасы құрғаннан кейін кедергісін келтіреді.
Мейлінше,шынайы болса өз қалауларын, жағымсыз
өзі қаламайтын заттар ды айтып отырса, сонда ғана
неке шынайлықпен құрылады деп ойлаймын.
Отбасының идеалды бейнесін құруда негізгі
құндылық ретінде өзара түсінік, махаббат, қарым -
қатынас,гармония және бала болуы есептеледі.
Отбасының қарым -қатынасын зерттеу
қиын.Себебі,бұл ада мның ең жеке және ең тиімді
аумағы болып табылады.Қазіргі таңда қоғамда
адамдардың сабырсыздығы, кішігірім қиындыққа
шыдай алмай, жас отбасылар аз уақыт бірге тұрып
түрлі себеппен екі жаққа кетіп жатқандарын
көреміз.
Ажырасуға түрлі себеп әсер етеді. Көпші ліктің
айтуынша, әрине материалдық жағдайларының
төмендігі, жастардың жұмыссыздығы, үйдегі
жетіспеушілік көбіне ұрыс -керістің шығуына себеп
болады. Ерлі -зайыптылар осы жағдайларға
байланысты ұрсысып керіседі, содан соң міндетті
түрде ажырасу туралы ойланба стан шұғыл шешім
қабылдап,оны іске асырады. Оның үстіне бүгінгі
күні елімізде етек жайып отырған онлайн жылдам
ажырасу түрі. Жас шаңырақтың шайқалуының тағы
бір себебі – бір бірінің "көзіне шөп салуы". Бүгінгі
жас отбасылардың, жалпы отбасының
ажырасуының негізгі екі себебі осында.Алайда,

34 American Scientific Journal № ( 30 ) / 20 19
"отбасы", "бала", "денсаулық" ұғымдары қоғамның
басты игілігі болып саналады. Демек, Отбасы
негізгі құндылық екендігін мойындағанымыз, "бала
– байлығымыз" – деп санағанымыз, ал
денсаулықтың маңыздылығын ерте қастерлеп
баға лағанымыз дұрыс болар. Отбасын құрам деген
жастарға табыстың төмендігі, тұрғын үйдің
болмауы, жұмыссыздық, төленбеген несие тағы
басқа да материалдық жағдайлар шаңырақтардың
шайқалуына басты себепші болмауы керек деп
ойлаймын. Қиыншылық арқылы отбасы ереже лері
қалыптасып нығая түседі, тек қана жас отбасы
мүшелері арасында шынайы сезіммен сыйластық
түсінісушілік орын алу қажет.
Ажырасудың әсерінен елімізде толық емес
отбасылар, жалғызбасты ана, жалғызбасты әке,
«әлеуметтік жетім балалар» саны артуда.
ҚР Біл ім және ғылым министрлігі Балалардың
құқығын қорғау комитетінің мәліметіне сәйкес
бүгінде елімізде 400 мыңнан астам аналар, 40
мыңнан астам әкелер 1 миллионға жуық бала
жалғыз әкесіз, не анасыз тәрбиелеп отыр[1]. Бұл
деректер азаймаса күн сайын ажырасу сал дарынан
көбейіп отыр.
Әрине , бұл жерде тек ажырасқандардың саны
ғана емес, түрлі жағдайлардың салдары да болуы
мүмкін. Бірақ, басым бөлігі –ажырасқандардың,
оның ішінде жас отбасының балалары екені
жасырын емес. Осы балалардың барлығының төрт
құбыласы тең , көңілі жарымжан емес деп кім айта
алады?! Баланың тұлға болып қалыптасуында ата -
ана рөлінің басымдығына психологтар және
әлеуметтік сала мамандарының еңбектерінде
ерекше мән берілген. Өйткені, көбіне толық емес
отбасылардың балалары тәртіпті жиі бұзады, мінез -
құлықтарында теріс ауытқулар орын алады,
ювеналды полиция тіркеуінде тұрады, мұндай бала
саны елімізде 10 мыңнан асады және жыл сайын
көбеюде[3, 7, 88 ]. Бұдан басқа осы балалар
қаңғыбастыққа салынады және ауыр жағдайларда
өз-өзіне қол салады. Қылмыст ың түрі жыл өткен
сайын жасарып бара жатқандығы да бізді
ойландырады.
Ажырасу процесінің қандай жағынан болса да
жас отбасы мүшелерінің бәріне оңай соқпайтыны
анық. Бұл мәселеде жас ана да, жас әке де, әсіресе
бүлдіршін бала да өте ауыр психологиялық со ққы
алады, кей жағдайда деприссияға да ұшырайды.
Жастардың "Менмені" эгоизмі ешкіммен
санаспайтын дәрежеге жеткен кезде оларға
ажырасудан басқа жол қаламайды. Ажырасу, еш
кінәсі жоқ бүлдіршін бала үшін психологиялық
тұрғыдан соншалықты ауыр күйзеліс, ары қарайғы
өмірінде бұл өкінішті жағдайдың сызы сақталып,
өкініш тудырып тұрады. Өйткені баланың
ажырасуға дейін қалыпты қалыптасып келе жатқан
бүкіл сана сезімі, психикасы, ойлау жүйесі
бұзылады.
Жас ата -ана бірін бірі сыйлап, бір -біріне
кішіпейілдік пен құр мет көрсетпей отбасында
береке болмайды. Берекесіз отбасында дүниеге
келген жас бүлдіршінге тиесілі тәлім тәрбие беру
мүмкін емес. Ер азамат өзінің отбасы алдындағы
материалдық, моральдық жауапкершіліктерді
орындауға ұмтылса, Жас ана сәбиіне жан -жақты
тәрб ие беріп, отбасы құндылықтарын сақтауы
қажет.
Сотқа жүгінген отбасы мүшелері ажырасу
барысында көптеген психологиялық
ауыртпалықтарға кездеседі.Әсіресе баланың жан
күйзелісі орын алады.
Отбасы, қоғамның экономикалық, саяси,
әлеуметтік дамуына тәуелді болғанымен, оның
қалыптасып, дамитын өзіндік норма лары мен
дәстүрі бар дербес шағын топ[4,73 -80 б.].Қоғамға,
мемлекетке қол қусырып қарап отыруға болмайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ең алдымен, отбасы құндылығын барынша
дәріптеуміз керек, "отбасылы адам", "балалы ана",
"көп балалы ана" ұғымдарын жалпы жұрт
қызығатын, құ рметтейтін, мойындайтын
құбылысқа айналдыру қажет.
Қоғамға танымал тұлғалар, қайраткерлер
арасынан елге үлгі отбасыларды көбірек дәріптеу
қажет.
Яғни, отасы қарым қатынасы мен,
құндылықтары туралы психологиялық зерттеулер
жүргіп, оны насихаттау, идеологиял ық
жұмыстарды күшейту қажет. Азаматтық
мәселелерді дамытуға бағытталған гранттардың
арнасын отбасы құндылығын насихаттауды
көздеген жобаларға бұру.
Сонымен қатар, жастар арасындағы әлеуметтік
саясат шеңберінде, отбасын құру тәртіптері мен
жауапкершілігі, отбасы құндылықтарын сақтау
және қолдау бағытында арнайы бағдарлама
қабылдау керек.

Әдебиеттер тізімі:
1. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казахи
(демографические тенденции 80 -90 -х годов). –
Алматы: Өркениет, 2000. –С.74 -92.
2. Қазақстан Республикасындағы 1999
жылғы халық санағының қорытындылары.
Қазақстан Республикасы халқының ұлттық
құрамы. І том, Алматы,2000. 6 -8, 21 -22 бб.;
3. Қазақстанның демографиялық
жылнамалығы. –Алматы, 2005. 7, 88 бб.
4. Иргебаева Н.М., Кауметова Қ.Е., Зек енова
Ж. Отбасындағы демографиялық мәселелерге
жастардың көзқарастары «Тұран - Астана»
университетінің БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ҚОҒАМ атты
ғылыми журналы №3 -4 (6) 2018 Астана қаласы.